Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.