Ақтөбеде «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды.
Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.
«Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге. Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды», — делінген хабарламада.