-12 C
Нур-Султан
-5.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-5.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

Танымал меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды

Алматыда полиция «A Class Medical» компаниясының директоры, кәсіпкер әрі меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады. Ол адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінді.

Lider.kz еріктілер қозғалысының парақшасында 1 наурызда оның іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл мәліметті Алматы полиция департаменті растады.

«Азамат Д. адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша Медеу ауданының полиция басқармасы тарапынан іздестірілуде. Ол іздеуге жарияланды. Сот оны сырттай екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Сонымен қатар, күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Азамат Доланбаев – денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкер әрі меценат ретінде танымал. 2020 жылы ол басқаратын «A Class Medical» компаниясы Талғар орталық аудандық ауруханасын 15 жылға сенімгерлік басқаруға алған. Сондай-ақ, оның қолдауымен Жетісу облысында заманауи жабдықтармен қамтылған гемодиализ орталығы ашылған.

Сот оны сырттай екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды. Егер оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 102 нөміріне хабарласуыңызды сұрайды.

Фото: alatau-zhuldyzy.kz

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар