«Жақын арада Украина Жеңіс жоспарын іске асыру аясында маңызды қадам жасайды. Америка Құрама Штаттарымен Қалпына келтіру инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылады. Бүгін үкімет Украина мен Америка Құрама Штаттары арасындағы келісімге қол қою үшін қажетті шешімдерді қабылдауда», – деді Украина Премьер-министрі Денис Шмыгаль үкімет отырысында.
Ол сөзін жалғастырып: «Келісімде 500 миллиард доллар қарыз немесе кез келген басқа қарыз енді жоқ. Бұдан былай әділетсіз шарт болмайды, яғни Украина әрбір жаңа көмек ретінде алынған 1 доллар үшін 2 доллар қайтаруы тиіс деген талап алынып тасталды. Қор тек Америкаға ғана тиесілі болады деген әділетсіз шарт та жоқ, енді бұл қор Украина мен Американың бірлескен иелігінде болады», – деді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Украина президентімен бірге бұл келісімге жұма күні қол қоятынын мәлімдеген болатын.