-12 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-12.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-12.7 C
Шымкент

Ресей Қазақстандағы уран кендеріндегі үлесін Қытайға сатып жатыр

Қазақстанда уран өндіретін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы ресейлік «Росатомның» елдегі кей уран кен орнындағы үлесін Қытай компанияларына сатып жатқанын хабарлады. Бұл туралы Азаттық жазады.

Бұған дейін «Росатом» «Қазатомөнеркәсіптің» 14 кен орнының алтауынан үлес алған.

17 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» «Росатомның» «Ураниум Уан Груп» деген еншілес компаниясы Түркістан облысындағы «Заречное» кен орнындағы 49,979 пайыз үлесін SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатты деп мәлімдеді. Оның түпкі бенефициары – Қытайдағы ядролық уран ресурстарын дамыту жөніндегі мемлекеттік компания.

Бұдан бөлек, «Ураниум Уан Груп» акционерлік қоғамы Қызылорда облысындағы Солтүстік Хорасанда кен өндіретін «Хорасан-U» бірлескен уран кәсіпорнындағы 30 пайыз үлесін China Uranium Development Company Limited компаниясына сатпақ деді. Оның түпкі бенефициары – Қытайдың атом энергиясы жөніндегі бас корпорация.

Қазақстандағы атом компаниясы «Хорасан-U» кәсіпорнындағы «Қазатомөнеркәсіп» үлесі өзгермейді, 50 пайыз болып сақталады деп хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» мәліметінше, 2024 жылдың басында «Заречное» кен орнындағы уран қоры шамамен 3,5 мың тонна болған. Кен орнын игеруді 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

Ал «Хорасан-U» бірлескен кәсіпорны Жаңақорған ауданындағы «Хорасан-1» учаскесінде уран өндіреді. «Қазатомөнеркәсіптің» ақпаратынша, 2024 жылдың басында бұл кен орнындағы уран қоры шамамен 33 мың тонна болған. Бұл орын 2038 жылға дейін пайдалануға берілген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар