2 ақпанда Ақтөбедегі теміржол өткелінде тепловоз қаққан адам көз жұмды, деп хабарлады «Диапазон».
«Диапазон» басылмының хабарлауынша, 2 ақпанда Ақтөбедегі теміржол өткелінде тепловоз адамды басып кеткен. Қайғылы оқиғадан кейін өткел уақытша жабылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан әйел адам болуы мүмкін», – делінген хабарламада.
Теміржолдағы адам өлімі фактісін Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі растады.
Аталған оқиға бойынша «Теміржол көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.