Кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қызметін сынға алып, оны қылмыстық ұйым деп атады.
«USAID — қылмыстық ұйым. Оның уақыты аяқталды», — деді Илон Маск. Кейін ол өзіне тиесілі X әлеуметтік желісіндегі агенттіктің парақшасын өшірді.
Миллиардердің айтуынша, агенттік америкалық салық төлеушілердің қаржысын биологиялық қару-жараққа, соның ішінде COVID-19-ды қаржыландыруға пайдаланған.
«USAID — бұл Америкаға өшпенді солшыл радикалды марксистердің ұясы», — деп мәлімдеді Маск.
Сонымен қатар, Дональд Трамп әкімшілігі көмек бағдарламаларын тоқтатқаннан кейін USAID сайты жұмысын доғарды. Сайт 1 ақпанда өшірілген.