-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-0.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент

Словакияда премьер-министр Роберт Фицоның саясатына қарсы жүз мыңдаған адам көшеге шықты

Словакия мен Еуропаның басқа да елдерінде премьер-министр Роберт Фицоның саясатына қарсы ауқымды наразылықтар басталды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, акциялар Словакияның 30 қаласында, соның ішінде Братислава, Попрад және Банска-Бистрица қалаларында, сондай-ақ Польша, Германия, Чехия және Ирландия елдерінде өтті. Наразылықтарды «Украинаға бейбітшілік» атты азаматтық қауымдастық ұйымдастырған.

Ақпараттарға сәйкес, көшеге 100 мыңнан астам адам шықты. Наразылық білдірушілердің негізгі талабы – Ресейге жақын саясат ұстанғаны үшін Фицоның отставкаға кету керек. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Братиславада шамамен 60 мың, ал Банска-Бистрицада 10 мың адам жиналған. Митинг қатысушылары «Словакия – бұл Еуропа» деген ұрандарды айтып, премьер-министрдің қазіргі саясатына наразылықтарын білдірді.

Бұған дейін Роберт Фицо Словакияның қарсы барлау қызметі елге шетелдік сарапшылардың келгені туралы ақпарат алғанын мәлімдеген еді. Ол бұл сарапшылардың бұрын Грузия мен Украинадағы «түрлі-түсті революцияларды» ұйымдастыруға қатысқанын және олардың Словакияда көшедегі наразылықтар арқылы мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалып жатқанын айтқан.

Биліктің зорлық-зомбылық пен арандатушылық қаупі туралы мәлімдемелеріне қарамастан, «Украинаға бейбітшілік» қауымдастығы барлық акциялардың бейбіт және тыныш жағдайда өткенін атап өтті.

Фицо өзін Украинадағы бейбітшілік туралы келіссөздерді тезірек бастауға жақтаушы ретінде көрсетеді. Ол Мәскеудің Украинаға басып кіруін сынға алудан бас тартып, керісінше Киевті әскери әрекеттерді жалғастырғаны үшін айыптаған. Желтоқсан айында премьер-министр Украинаның президенті Владимир Зеленскийдің Украина НАТО-ға кіруге қолдау білдіру үшін Словакияға ресейлік мұздатылған активтерден 500 миллион еуро ұсынғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Киевтің ресейлік газ транзиті туралы келісімді ұзартудан бас тарту туралы шешімін сынға алған. Желтоқсанда Фицо Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесу өткізді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар