АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен қайта байланыс орнатуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Мен онымен қайта байланысамын», — деді Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында.
2019 жылдың маусым айының соңында, Трамп АҚШ президенті болған кезде, ол КХДР басшысымен демилитаризацияланған аймақта кездесу өткізген еді. Бұл екі ел басшыларының осы жерде алғаш рет кездесу өткізуі ретінде тарихқа енді.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап бере отырып, Трамп COVID-19-ға дейін олардың қарым-қатынасы жақсы болғанын айтып, соңғы әңгімесін достық сипатта өтті деп бағалады.
«Бұл өте амбициялы ел, ол да амбициялы адам. Ол маған дос сияқты болды, бізде өте жақсы қарым-қатынас болды», — деді Трамп.
Бұған дейін Трамп 1 ақпаннан бастап Қытайда өндірілген тауарлардың импортына 10 пайыздық тарифтер енгізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.