-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Сарбаз Барқұловтың өлімі: лейтенант Досовқа 13 жыл жаза сұралды

Астанадағы әскери мамандандырылған ауданаралық сотында мерзімді сарбаз Марат Барқұловтың өлімі бойынша сот процесі басталып, жарыссөз кезеңі өтті. Мемлекеттік айыптаушы Дамир Досовқа жаза мерзімін сұрады.

«Досовты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлімі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануды және орташа қауіпсіздік мекемесінде 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор Амангүл Жұмағалиева.

Сотталушының тапаншаның оқталғанын білмегені туралы дәлелдерін айыптау тарапы негізсіз деп есептейді.

Біріншіден, Дамир Досов – кәсіби офицер, ол тиісті дайындықтан өтіп, әртүрлі қарулардан ату бойынша емтихан тапсырған.

Екіншіден, сот залында жауап алынған куәгерлер лейтенантқа тапанша тапсырылған кезде нұсқаулық жүргізілгенін растады. Жоғарғы офицер оған «қарумен ойнамау және оны адамдарға бағыттамау» туралы ескертулер жасаған.

Жәбірленушілердің өкілі Азамат Сәғал мемлекеттік айыптаушы сұраған жазамен келіскенін мәлімдеді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар