Атырау облысының тұрғыны бүйрегін сатуға шешім қабылдағаны үшін сот алдында жауап берді. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы өткен жылдың маусым айында жұмыссыз қалып, табысы болмағандықтан, Telegram-арнаға өзінің бір бүйрегін сатуға дайын екені туралы хабарландыру орналастырған.
Ол бүйрегін 9 миллион теңгеге бағалаған. Көп ұзамай хабарландыруға құқық қорғау органдарымен жұмыс істейтін әйел жауап берген. Тараптар органды сатып алу-сату туралы келісімге келіп, «сатушы» қажетті тексеруден өткен. 5 миллион теңге алған сәтінде ол ұсталды.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады. Ол бұл қадамға қарыздарының көптігінен барғанын айтты.
Прокурор оған 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот айыпталушының жасаған ісіне өкініп, кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.