Семейдегі алапат өртке жауапты шенеуніктер анықталып, қатал жазаланатын болады. Он бес адамның өмірін алған трагедияға байланысты тергеу ісі жүріп жатқаны белгілі. Бүгін бас прокуратура журналистерге нақты қай шенеуніктер тергеуге шақырылғанын мәлімдеді. Ресми өкілдің айтуынша  прокуратура тізімінде Төтенше жағдайларға жауапты экс министр Ирий Ильин, экология министрі Зүлфия Сүлейменова, Абай облысының әкімі Нұрлан Оранхаев пен ШҚО ның зейнет жасынан асып кеткен әкімі Даниал Ахметов бар. Оқиғаға байланысты олардың әрқайсысынан жауап алынып, кінәлары анықталса заң алдында жауап беретін болады деп сендірді бас прокуратура.