18 C
Нур-Султан
25 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
18 C
Нур-Султан
25 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

ТОҚАЕВ МИТТАЛДАН ҚАШАН ҚҰТЫЛАДЫ?

Жақында  Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында газ тарап, жарылыс болған. Апаттан бес адам қаза болып, төрт адам жараланды.

«АрселорМиттал» компаниясының басында тұрған миллиардер Лакшми Миттал Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бері Қарағанды көмір шахталары мен  Теміртау ферроқорытпа зауытына иелік етеді.

Миттал Назарбаев билігі тұсында Қазақстанның қазба байлықтары есебінен байлығын еселеп, әлемдік миллиардерлердің көшбасына шықты. Алайда, өз иелігіндегі шахтарлар мен зауыттарды модернизациялау мәселесін шешкен жоқ, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді.  Осының салдарынан қызметкерлер жұмыс орнында қаза тапты.

Жақында Тоқаев Қарағандыға барған сапарында

«Өнеркәсіп кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қарағанды облысында экология проблемасынан бөлек, өндірістік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейді. Мәселен, тек 2022 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелді» деген болатын.

Президент тапсырмасын «АрселорМиттал» қашан орындайды?

10 қараша күні сенат отырысында «АрселорМиттал Теміртаудағы» апат және өндіріс қауіпсіздігі мәселелері бойынша сұраққа жауап берген премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет аталған компанияны көмір өндірісін модернизациялауға міндеттегенін мәлімдеді.

«Жуырда осы компанияның көмір өндіру бойынша келісім-шартын қайта қарастырған кезде алғаш рет көмір өндірісін модернизациялауға жыл сайын 150 млрд теңге көлемінде инвестиция салу туралы қосымша талап енгіздік. Бұған қоса, көмір қатпарларын газдан тазарту жұмыстарына 37 млрд теңге бөлу туралы талап қойылды. Бұрын мұндай міндеттемелер болмаған»

деді Әлихан Смайылов.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар