Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Шымкентке кезекті жұмыс сапарымен барыпты. Ол Түркістан сарайында мегаполис тұрғындарымен кездесу өткізген. Алайда, министр қатысқан шараға тек «қолдайтын», «мақтайтын» мемлекеттік қызметкерлер мен ұстаздар қауымы ғана қатысуға мүмкіндігі болды дейді есіктің аузынан қайтқан өзге халық. Бір топ наразы азаматтар мұндай көзбояушылыққа қарсымыз деп, ғимарат алдында шу шығарды. Әлеуметтік желіде таратылған видеода арнайы мамандар наразы халықты кіргізбей жатқаны көрсетілген.