12 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
12 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

WSJ: Қытай АҚШ-ты бақылау үшін Кубадан құпия база ашпақ

Қытай Кубада АҚШ-ты бақылауға мүмкіндік беретін құпия база ашады. Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Пекин мұндай нысанын Кубада орналастыру үшін Гаванаға бірнеше миллиард доллар береді. База радиолокациялық бақылаумен шұғылданып, түрлі байланыс каналдары, оның ішінде спутник арқылы жүргізілетін сөйлесулерді ұғуға лайықталған.

Дереккөз мәліметінше, Қытай нысаны АҚШ-тың Флорида штатынан 160 шақырым қашықтықта жайғасып, ол жақтағы америкалық әскери базаларға және кемелердің қозғалысын бақылауға да мүмкіндік береді.

«Кубада Қытайдың әскери нысаны пайда болады деген хабар АҚШ-ты алаңдатып отыр. Вашингтон Пекинді негізгі экономикалық және әскери бәсекелесі деп есептейді. Сондықтан Қытайдың озық әскери және бақылау мүмкіндігіне ие базасының АҚШ-қа жақын орналасуы – осыған дейін болмаған үлкен қауіп төндіруі мүмкін» деп мәлімдеді The Wall Street Journal дереккөзі.

Ол бұл жөнінде басқа кеңірек мәлімет беруден бас тартқан. Қытай мен Куба да ешқандай пікір білдірмеді.

Азаттық радиосы

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар