18 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
18 C
Нур-Султан
22 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Думан Мұхамедкәрім бостандыққа шыға салысымен тағы да сотталуы мүмкін

Бірінші мамырда қамауға алынған  тәуелсіз журналист, биліктің оппоненті Думан Мұхаметкәрім 26 мамырда бостандыққа шығады. Адвокат Ғалым Нұрпейісов оның  абақтыдан шыға салысымен қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Қорғаушының айтуынша, бастапқыда қылмыстық іске Думан Мұхаметкәрім қорғану құқығы бар куәгер ретінде тартылған, бірақ енді күдіктіге айналуы ытимал.

«Қылмыстық іс қозғауға не түрткі болды? Думанның Әблязовпен тікелей эфирлері мен сұхбаттары болды, онда өткір сұрақтар мен тақырыптар көтерілді. Енді прокуратура Думанды Әблязов пен ДВК идеяларын алға тартты деп айыптағысы келеді. Думанға кейбір азаматтар бұл тақырыпты беруден бас тарту туралы ұсыныспен шыққан. Бірақ ол бас тартты. Әкімшілік қамауға алу – оның ұстанымын қабылдамаудың бір түрі. Оған 405-баптың ілінуі ақылға сыймайды. Думан ешқандай ұйымның жанашыры, мүшесі емес. Ол тек саяси ақпарат тарататын журналист. 405-баптың көмегімен олар оның аузын жабуға тырыспақ. Әблязов митингілерге шақырған кезде, Думан бұл туралы айтты», — деп атап өтті адвокат.

Нұрпейісовтің айтуынша, 405-бап санкциясы қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салуды көздейді. Басқаша айтқанда, журналист тыйым салынған ұйымның идеяларын алға тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Думан Мұхаметкәрім  26 мамырда бостандыққа шыққан уақытта оны бірден басқа сотқа алып кетуі ықтимал деп алаңдаулы қорғаушы. Адвокаттың айтуынша, оның тәжірибесінде мұндай жағдайлар болған.

«Сондықтан мен қазір дабыл қағып жатырмын», — деді Нұрпейісов.

Естеріңізге сала кетейік, Думан Мұхамедкәрім бірінші мамыр күні «Не дейді» деген авторлық арнасында сөйлеген сөзі үшін сотталды. Ол  халықты митингке шықпауға, диваннан тұрмауға шақырды. Сот ол астарлы түрде митингке шақырды деген тоқтамға келді. Журналист тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеп, онлайн өткен сот отырысына қатысудан бас тартты.

Думан Мұхаметкәрім  26 мамырда түстен кейін босатылуы керек.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар