-0 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
19.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
13 C
Алматы
19.3 C
Шымкент

Биыл қанша талапкер тегін оқуға түседі?

Биыл  73 мың талапкерге грант бөлінді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты

«Биыл білім беру гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды. Оның ішінде: бакалавриатта оқу үшін 73 мың грант, магистратураға – 13 мың, докторантураға – 1890 грант бөлініп отыр», — деп хабарлады вице-министр ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Елімізде негізгі ҰБТ 16 мамырда басталған. Осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант байқауына қатысады.

«Грантқа құжат қабылдау және иегерлер тізімін жариялау күндерінде биыл өзгерістер жоқ. Яғни 13-20 шілде аралығында грантқа құжат қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарына қабылдау әдеттегідей 25 тамызға дейін жүзеге асырылады», — деді спикер.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар