«Үйімізде жылу да, су да жоқ. Тоңып отырмыз». Екібастұз тұрғындары әлеуметтік желіде  пәтерлерінің суық екенін мәлімдеді.

Қазақстанның солтүстігінде соңғы күндері ауа райы күрт суып кетті.

«Қалада жылу да, су да жоқ», «ЖЭО-ның әдеті сол: ең суық күндер келген кезде әдейі жылуды өшіреді», «Ыстық су да, жылу да жоқ, жаңа Қазақстан гүлденуде», — деп жазады қала тұрғындары желіде.

Еске салайық, 14 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты 500 киловольттық L-5170 Екібастұз — Ағадыр электр желісі ажыратылды.

 

Сәуірдің 15-і күні «KEGOC» АҚ апаттың жөнделгенін хабарлады.