16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент
16 C
Нур-Султан
24 C
Алматы
31.3 C
Шымкент

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты өтіп жатыр

Дәл қазір Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотында экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Оларға бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылған. Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңге деп бағаланды.  Арыстанбек Мұхамедиұлы сотқа онлайн қатысуда. Ауа райына байланысты оны сот залына жеткізу мүмкін болмағаны хабарланды.

Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілді. Бұдан басқа, А. Мұхамедиұлының Мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС заңсыз беруге қатыстылығы тексерілді.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар