Сайлауға үш ақ күн қалған кезде кандидат боп тіркелген қоғам белсендісі Арман Шораев Астанадағы №22 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. 

Кандидат Шораев дауыс беру рәсімін аяқтағаннан кейін журналистерге келіп сұхбат берді.и

«Тәуелсіз баламалар Парламентке, мәслихаттарға кірсе, елде, әрине, күрделі өзгерістер болады деп ойлаймын. Өйткені ол жерге биліктің қуыршақтары емес, мен дей алатын біздің азаматтар шығып, шындықты шырылдатып айтса, өзгерістер болады. Сол үшін күресіп жатырмыз», — дейді ол.

Сөз арасында саясаткер Шораев өзінің сенгіш адам екенін мойындады. Содан соң, Президент Тоқаевқа да сенетінін мәлімдеді. 

«Айтқанынан танбайды деп сенемін. Бүгінгі сайлаудың нәтижесі көрсетеді – айтқан сөзі мен ісі сәйкес келе ме», — деді ол.

Арман Шораев сонымен қатар өзіне қатысты “жақындағы сот арқылы билік, керісінше, жарнама жасап бергенін” айтты. Сөзінше, Қазақстанның кез келген азаматы ол кезде шындық, патриотизм, қай жақта сепаратизм, Украинаны сатып кеткен бесінші колонна тұрғанын айқындап берген.

«Бәйгеге түскен соң, кейін мен деген салмақты, мықты ер шықса деп едім. Болмады. Сол намысыма тиді. Өкінішке қарай “Аманатта” да, билікте де маған тең келетін кандидат табылмады», — деді ол.