Қонаев қаласында онлайн форматта өткен Сот журналист Думан Мұхамедкәрімді 25 күнге қамауға алу туралы үкім шығарды. Журналист азаматтарды митингіге шақырмағанын айтып, тағылған айыпты мойындамады. Ол  осымен үшінші рет заңсыз қамалып жатқанын өкінішпен айтты. Думан Мұхамедкәрімнің адвокаты судьяға үкім шығармай тұрып, журналистің бүйрегі ауыратынын, оған шұғыл емделу керек екенін айтып, оның ісінде әкімшілілік құқық бұзушылық жоқ екенін ескертті.