Өзбекстанда жалпы халықтық референдум басталды.  Онда елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевқа 2042 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік береді. 

Өзбектерге негізгі заңдағы баптардың санын 128-ден 155-ке, ал конституциялық нормалардың санын 275-тен 434-ке дейін ұлғайту ұсынылды. Жалпы Конституция 65 пайызға жаңарады, сондықтан да өзбек билігі референдум өткізуді шешкен. 

Реформалар ел президентінің өкілеттігін бес жылдан жеті жылға дейін ұзартуға да қатысты. Өзбекстан азаматтары түзетулерге дауыс берсе, Шавкат Мирзиеевтің президенттік мерзімі нөлге тең болады және ол 2026 жылы үшінші рет сайлауға түсіп, 2042 жылға дейін билікте қала алады.

Референдум Мирзиеевтің бастамасымен өтуде.