18 C
Нур-Султан
25 C
Алматы
17.3 C
Шымкент
18 C
Нур-Султан
25 C
Алматы
17.3 C
Шымкент

Риддердің ЖЭО-да апат болды. Даниал Ахметов не деді?

Риддер ЖЭО-да тағы бір штаттан тыс апат болғанын қала әкімінің орынбасары хабарлады.

«Бүгін түнде жоғары қысымды қазандық апатты түрде сөндіріліп, резервті қазандық шұғыл іске қосылды. Жылу желісіндегі температура тәулік ішінде көтеріледі», — деді  Мұрат Байжүменов тұрғындарға.

Екібастұздықтар желіде үйлерінің күрт суығанын айтып шағымдануда. 18 сәуірде қалада ауа температурасы -7, түнде температура-10-13 дейін жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр жыл аяғында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ны монополиядан шығару қажеттігін айтқан.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар