Қазақстан қорғаныс саласына қосымша 317 млрд теңге бөлетін болды.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті.

«Күш құрылымдарының шығыстары 2,5 трлн сомасында жоспарланған, қосымша тағы 317 млрд теңге бөлу көзделген», – делінген министр Жамаубаевтың баяндамасында.

Айта кетейік, Қазақстан әскери қуаты жөнінен әлем елдері арасында 63-орында тұр. Орталық Азияда Өзбекстаннан кейін екінші орында.  

Сондай-ақ, Қазақстан әскери техника мен қарудың жаңа түрлерін сатып алып жатқаны белгілі болды.