Қаржы минитстрлігі шетелден ақша алатын азаматтарға қатысты бұйрықты қоғам талқысына бар болғаны бір күн шығарып, апыл ғұпыл  өзгеріс енгізіп жіберді. Ел естіп үлгермеген бұйрық он үшінші наурыздан бастап күшіне енді. 

Өзгеріске сәйкес, бұдан былай қаржы министрлігі шетелден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын тұлғалардың тізімін жариялайтын болады. Олардың дерегі жарты жыл сайын кірістер департаментінің сайтында жарияланады. Бір қызығы, мемлекеттік мекемелер мен банктер бұл тізімге кірмейді. Тәуелсіз сарапшылар, мұндай өзгеріс биліктің оппонеттері мен ыңғайсыз пікір айтатын белсенділерге бағытталған болуы мүмкін деп отыр. «Бұл шетел агенті деп» айдар тағуға арналған заң ба» деп пікір қалдырған азаматтар болды. 

«Шетел егенті» туралы азаматтардың құқығын шектейтін заң Ресейде қабылданған. Мұндай айдарды Путин режимін сынайтын белсенді азаматтарға тағылды. Осыған ұқсайтын Заңды қабылдап жіберген  Грузия Парламенті митингке шыққан халықтың қарсылығынан кейін кері қайтарған.