-14 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
1.3 C
Шымкент
-14 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
1.3 C
Шымкент

Қант дауынан құтылмаған Сұлтанов қызметінен кетіп тынды

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды odemokratka.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды — делінген хабарламада.

Туған жылы: 1971 жылы 29 қарашада

Туған жері: Алматы қаласында туған.

Білімі: Қазақ ұлттық техникалық университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-электрик, экономист.

1994–1997 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші экономисі, мемлекеттік бағалы қағаздар басқармасы бастығының орынбасары – бөлім бастығы.

1996-1997 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.

1997–1998 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент директоры.

1998–1999 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының орынбасары.

1999–2002 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджеттік департаменті директорының орынбасары, мемлекеттік бюджет департаменті директорының орынбасары, директоры.

2002-2003 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бюджеттік саясат департаментінің директоры. 2003–2006 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің орынбасары.

2006–2007 жж. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары.

2007–2010 жж. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі. Мемлекет басшысының 2010 жылғы наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Премьер-Министрдің Орынбасары — ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

2018 жылдың 11 қыркүйегінен 2019 жылдың 15 маусымына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың 17 маусымынан бастап мемлекет бпасшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент жарлығымымен Сауда және интеграция министрі болып қайта тағайындалды.

2022 жылдың 15 тамызында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды.

«Құрмет» орденімен және екі медальмен марапатталған.

Бақыт Сұлтанов жақында ғана қант бағасының қымбаттауына байланысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар