Бельгия, Польша, Нидерланд билігі өз елдеріндегі Ресей елшіліктерін жаппай кері қайтарып жатыр. Бельгияның сырты істер министрі Софи Вильмес Ресей дипломаттары тыңшылықпен айналысып, мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндірді деген айып тақты.
15 күннің ішінде Польшадан 45, Бельгиядан 21, Нидерландыдан 17 дипломат Ресейге қайтарылатын болады.
Бұған дейін АҚШ та дәл осындай айыппен Ресей елшілігіндегі 50 қызметкерді ресми түрде кері қайтарған болатын.