Президент Тоқаев экс-премьер-министр А. Маминді, экс-индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов пен қазіргі Алматы қаласының әкімі Е. Досаевты Шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарып, жаңа құрам жасақтады. Оған Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және кейбір шетел бизнесмендері кіргізілген.