22 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
30.3 C
Шымкент
22 C
Нур-Султан
20 C
Алматы
30.3 C
Шымкент

Әлеуметтік желіде діни экстремизм идеологиясын таратқандар әшкере болды

Сәуір айында Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесілді. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды және әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизм идеологиясын таратқан 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын сотты болған.

«Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар