6 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
14.3 C
Шымкент
6 C
Нур-Султан
6 C
Алматы
14.3 C
Шымкент

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы жекешелендірілмек

Бұрын олигарх Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған, қазір «Самұрық-Қазына» қорының басқаруындағы Phystech II компаниясы қайтадан жекеге өтпек. Премьер-министр Олжас Бектеновтің 7 сәуірде шыққан қаулысымен бұл кәсіпорын 2021–2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарына енгізілді.

Phystech II — Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында мұнай өндіретін компания. 25 жылға арналған келісімшарты бар. Бұрын оның құны 35,5 млрд теңге деп бағаланған.

Бұл компанияны мемлекетке Боранбаев 2023 жылдың қазанында өткізген, бірақ ресми түрде тек 2024 жылдың тамызында республикалық меншікке өткен. Қазіргі таңда оны ашық конкурс, электронды сауда немесе тікелей сату арқылы жекешелендіру жоспарланып отыр.

Компания «Самұрық-Қазына» қарауына өткен соң, Боранбаевпен байланысты топ-менеджерлер қызметтен алынған.

Фото: Informburo.kz

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар