12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
26.3 C
Шымкент
12 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
26.3 C
Шымкент

Астанада тілге қатысты дау тұтанды: сатушы Тоқаевтың сөзін бұрмалап, балаға сес көрсеткен…

Белгілі журналист Кәмшат Тасболат әлемжелідегі парақшасында жағымсыз оқиғаға тап болғанын хабарлады деп жазды Ertenmedia.kz.

Оқиға Астана қаласында, Орынбор көшесінің бойында орналасқан Envy бутигінде болған.

Велосипед іздеп барған журналист пен оның 6 жасар қызы сатушыдан велосипед бағасын қазақ тілінде айтуды сұраған. Себебі бала орысша сан есімдерді түсінбейді екен.

Алайда сатушы қазақша сұраған баланы дөрекі түрде қорқытып:

– Ты сейчас получишь! Не слышала, что президент (Токаев) сказал, таких будут наказывать! – деп зекіген.

Журналистің айтуынша, сатушы бұнымен тоқтамай, кішкентай қызды «ұлтшыл» (маленький нацпат) деп кемсіткен.

Мұны көрген анасы сатушыны орнына қоймақ болғанымен, ол ештеңе болмағандай, дүкенге келген басқа тұтынушыларға бұрылып кеткен.

«Қызым осы кезде ойыншықтардың арасына тығылып, қорқып қалды. Балалардың психикасына әсер ететін осындай адамдардың кесірінен кейін абьюзерлер қайдан шығады деп таңғаламыз. Бұрын балаларды «бүжәймен» қорқытушы еді, ал енді президентпен қорқытатын болған ба?» – дейді журналист.

Журналист осы оқиғадан соң дүкендегі көрнекі ақпарат пен жарнаманың тек қана орыс және ағылшын тілдерінде жазылғанына назар аударған.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының 21-бабы мен «Жарнама туралы» заңның 6-бабына сәйкес, барлық көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылуы тиіс. Оған қоса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабына сәйкес, бұл заңбұзушылық үшін кәсіпкерге айыппұл салынуы мүмкін.

«Бұл дүкеннің сыртқы маңдайшасында қазақ тілінде бір ауыз сөз жоқ. Осыны ескере отырып, дүкен басшылығы заңды бұзғаны үшін 50 АЕК (184 600 теңге) айыппұл төлеуі тиіс. Бұл – біздің заңды талабымыз», – дейді журналист.

Кәмшат Тасболат қазір Envy бутигіне бойкот жариялап, қазақша қызмет көрсететін басқа велосипед дүкенін тапқанын хабарлады.

Сондай-ақ, ол елордадағы Тілдерді дамыту басқармасы мен жауапты мекемелерді осы мәселені тез арада шешуге шақырды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар