17 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
16 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Олимпиада жүлдегері Ұлттық құрама бас бапкері атанды

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Дархан кәсіби спортта айтулы жетістікке қол жеткізген. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. Сондай-ақ ол — спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.

Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс- мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты.

Бас бапкердің алдағы мақсаты — Ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар