Ресей президенті православтық Пасха кезінде барлық соғыс әрекеттерін тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы Кремль Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығымен өткен кездесуден кейін хабарлады.
Пасхалық бітім бүгін Мәскеу уақытымен 18:00-де күшіне енеді және 21 сәуірдің түнгі 00:00-іне дейін жалғасады.
«Атысты тоқтату режимі гуманитарлық мақсатта енгізіліп отыр және Киев те осы бітімді сақтаған жағдайда Ресейдің Біріккен әскер тобы бұл режимді орындайтын болады», — деді Путин.