1 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
22.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
22.3 C
Шымкент

Алматыда мектеп оқушысын аяусыз соққыға жықты

Алматылық жасөспірімдер тобы өз қатарластарының бірін қатыгездікпен соққыға жыққан. Оқиға 8 наурыз күні сауда орталығының жанында болған. Жәбірленуші құрбысымен бірге сол жерге барып, мектептен таныстарын кездестірген.

Қыздар көшеге шыққаннан кейін араларында жанжал туындап, ол қатігез төбелеске ұласқан. Сегіз жасөспірім мектеп оқушысына жабыла кетіп, оның бетінен ұрып, шашын жұлып, кастетпен қорқытқан.

Жәбірленушінің анасы әділдік талап етіп, полицияға жүгінген. Алайда шабуыл жасағандардың біріне бар болғаны 40 мың теңге айыппұл салынғаны ананың ашу-ызасын тудырды. Төбелеске қатысушылардың бірі бұрын арнайы мектепте тәрбиеленіп, тәртібіне байланысты одан шығарылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқан барлық жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды. Істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайтын болады.

IMG_5471

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар