Мүгедектігін анықтау үшін онкологиялық ауыратын науқастар ағзаларында функцияларының тұрақты түрде бұзылғаны бола тұра, медициналық ұйымдарға жіберілмеген. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Осылайша онкологиялық ауыратын науқастар мүгедектікті рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
«Қадағалау актісі бойынша қалалық емханалардың 9 басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 пациентке І-топ мүгедектігі берілді»,- делінген хабарламада.