-5 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-5 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Нұрсұлтан Назарбаев қоры бақылайтын банк рекордтық пайдасы туралы есеп берді

Назарбаев қоры бақылайтын ресейлік банк 2024 жылға арналған рекордтық пайдасы туралы есебін жариялады.

2021 жылы «Назарбаев қорының» бақылауына өткен «Азия-Тынық мұхиты банкі» (АТБ) қаржылық нәтижелер туралы есебін ұсынды. Ресейдің Орталық банкінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, АТБ өткен жылы 11,3 миллиард рубльден астам (қазіргі бағам бойынша 59,2 миллиард теңгеден көп) таза пайда тапқан.

Банктің пайыздық кірісі 31,2 миллиард рубльді (162,4 миллиард теңге) құрады. АТБ-ның бұл пайдасы рекордтық көрсеткішке жетіп, соңғы айда 15,54%-ға өскен.

Назарбаев қоры банкті иеленген соңғы үш жыл ішінде қаржы мекемесі 19,88 миллиард рубль (103 миллиард теңгеден астам) табыс тапқан, деп жазды Orda.kz.

АТБ 2021 жылы Ресей Орталық банкі қаржы мекемесін аукционға шығарғаннан кейін Қазақстанның экс-президентінің бақылауына өтті.

Сатып алушы ретінде «Назарбаев қоры» мен Қазақстанның экс-президентімен байланысты басқа да құрылымдарға тиесілі «Pioneer Capital Invest» ЖШС болды.

2024 жылы Назарбаевтың бастамасымен құрылған компания француздардың бақылауына өткендігі туралы ақпарат жарияланған болатын.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар