-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент
-4 C
Нур-Султан
-7.1 C
Алматы
4.3 C
Шымкент

Астанада жаттығу кезінде полиция қызметкері қайтыс болды

Астанадағы спорт кешенінде жаттығудан кейін полицей қайтыс болды. Қалалық полиция департаменті оның өлімін растады және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, күштік жаттығудан кейін залдан шыққан кезде ол есінен танып қалған. Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлім себебі миокард инфаркті болған», – деп хабарлады Астана ПД баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі қайтыс болған адамның 1983 жылы туған, Астана ПД СОБР-дың аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебеков екенін нақтылады. Ведомство марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар