-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Путин: Киевке ЛХР мен ДХР-дан кетуді ұсындым, сонда соғыс болмас еді

Владимир Путиннің айтуынша, Мәскеу Киевке өзін-өзі жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларынан (ЛХР мен ДХР) кетуді ұсынған, сонда соғыс басталмайтын еді.

«Арнайы әскери операция (АӘО) басталғаннан кейін бірден келіссөздер жүргізе бастадық. Сол кезде украин басшылығына: ЛХР мен ДХР халқы Украина құрамында болғысы келмейді. Ол жерден кетіңіздер, сонда бәрі аяқталады. Ешқандай соғыс, ешқандай әскери қақтығыс болмайды», – деді Ресей басшысы «Москва. Кремль. Путин» бағдарламасының жүргізушісі Павел Зарубинге берген сұхбатында.

Алайда Путиннің айтуынша, 2022 жылы Киев Мәскеуге «соңғы украинға дейін соғысатынын» білдірген.

Оның пікірінше, Батыс Киевті соғысты жалғастыруға көндірген.

«Олар (Украина) өмір сүре алмайды, егер қаржылай және әскери көмек тоқтатылса, бір ай да шыдамайды. Бір-екі ай ішінде бәрі аяқталады. Осы тұрғыдан алғанда, Украинаның егемендігі жоқтың қасы», – деді Путин.

Сонымен қатар, ол Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерге қатысты қазіргі уақытта олар заңсыз болатынын мәлімдеді.

«Кез келген адаммен келіссөз жүргізуге болады, бірақ Зеленский өзінің заңсыз мәртебесіне байланысты ештеңеге қол қоюға құқығы жоқ. Егер ол келіссөздерге қатысқысы келсе, мен оған арнайы өкілдерді бөлемін, солармен сөйлесе алады», – деді Путин РИА Новости агенттігінің хабарлауынша.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар