-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес-моделіне айналды – Бектенов

Субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес-моделінің ажырамас бөлігіне айналды, деп мәлімдеді Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов.

«Мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін күшейтеміз. Барлық салаларда субсидиялауға жұмсалатын шығындар тұрақты түрде өсіп келеді, олардың нақты тиімділігі ескерілмей, мемлекеттік органдар тарапынан әлсіз бақылаумен жүзеге асырылады. Субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес-моделінің бөлігіне айналды», – деді Бектенов сейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, соңғы үш жылда 770 жоба бойынша сметалық құн 2,2 трлн теңгеге өскен.

«Әрине, объективті шығындардың өсуі бар, бірақ күмәнді жағдайлар да кездеседі. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жартысынан астамы, 18 трлн теңгеден астамы, әлеуметтік салаға бағытталады. Алайда бұл шығындардың тиімділігі үлкен сұрақ тудырады. Әлеуметтік шығындардың әкімшілері тоғыз орталық және барлық жергілікті атқарушы органдар болып табылады, бұл олардың шашыраңқылығына және шығындарды жеткілікті деңгейде бақыламауға алып келеді», – деп атап өтті үкімет басшысы.

Ол цифрлық құралдарды қолдану арқылы әлеуметтік мақсаттарға арналған бюджет шығындарын бақылауды күшейту жұмыстары басталғанын айтты.

«Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында балабақшаларды қаржыландырудың ашық цифрлық механизмі пилоттық режимде енгізілді. Тек осы төрт қалада артық шығындарды жою есебінен жылына 20 млрд теңгеден астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір бұл тәжірибе елордада енгізілуде, ал ағымдағы жылдың соңына дейін бүкіл ел бойынша кеңейтілетін болады. Әлеуметтік әмиян мемлекеттік қолдаудың адресаттылығын күшейтудің құралына айналуда», – деді Бектенов.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар