-17.7 C
Нур-Султан
-1.8 C
Алматы
-3.6 C
Шымкент
-17.7 C
Нур-Султан
-1.8 C
Алматы
-3.6 C
Шымкент

Мектеп оқушысымен некелескен қызылордалық азамат түрмеге қамалды

Қызылорда тұрғыны кәмелет жасына толмаған қызбен жақын қарым-қатынасы үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қызбен мұсылмандық неке қию рәсімін өткізіп, некелескен. Бұл туралы «Информбюро» хабарлады.

21 жастағы Нұртілеу мен 15 жастағы Аялы ата-аналарының келісімімен неке қию рәсімін жасап, үйлену тойын өткізген. Қыз бала жүкті болған кезде дәрігерлерге тіркелу үшін жүгінген. Дәрігерлер пациенттің жасын білген соң полицияға хабар берген.

Нұртілеу Ибрагимовке ҚР ҚК 122-бабының 3-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылды. Сот жабық түрде өтті. Сот оны кінәлі деп тауып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталған азаматтың ата-анасы мен Аялы бұл үкіммен келіспеді.

«Апелляциялық сот 21 жастағы ер адамның туыстарының шағымын қанағаттандырмады. Ата-анасы Жоғарғы сотқа жүгінбекші», – деп хабарлады «Информбюро».

Қыз бала сотталған адамның туыстарымен бірге тұрып жатыр.

Айта кетсек, діни некелер мемлекет тарапынан мойындалмайды, ал Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы кәмелет жасына толмағандармен отбасын құруды қолдамайды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар