-5 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент
-5 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
0.3 C
Шымкент

Әзірбайжан Ресей мен Қазақстанның ұшақ апатын тергеу туралы ұсынысын қабылдамады

Әзірбайжан Ресей мен Қазақстанның ТМД Халықаралық авиация комитетінің ұшақ апатын тергеу туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы 1news.az хабарлады.

Ұшақ апатынан кейін Ресей мен Қазақстан бұл оқиғаны тергеуді ТМД Халықаралық авиация комитеті жүргізу туралы ұсыныс жасады.

ТМД Халықаралық авиация комитеті (Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК) 1991 жылы желтоқсанда азаматтық авиация және 12 жаңа тәуелсіз мемлекет жасаған әуе кеңістігін пайдалану туралы мемлекетаралық келісім негізінде құрылған).

Үкіметтегі дереккөзде хабарлағандай, Әзірбайжан Ресей мен Қазақстан ұсынысынан бас тартты.

Ресми Баку оқиғаны Embraer халықаралық сарапшылар мен мамандар тобы тергеуін талап етеді. Әзірбайжан «қара жәшікті« ашу, оқуды да осы топ жүргізуі керек деп санайды.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда БакуГрозный рейсін орындаған azal жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар