-17.7 C
Нур-Султан
-1.8 C
Алматы
-3.6 C
Шымкент
-17.7 C
Нур-Султан
-1.8 C
Алматы
-3.6 C
Шымкент

Астанада 21 жастағы жігіт компьютер ойыны үшін туысын пышақтап өлтірді

Астанада өткен түні 21 жастағы ер адам өз немере ағасын өлтіріп, тағы үш туысын пышақтап жарақаттады. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың арасында компьютер ойынына байланысты жанжал шыққан.

Мустафин көшесіндегі пәтерде екі апалы-сіңлілі әйел тұрған: біреуі 60 жаста, екіншісі одан 10 жасқа кіші. Олармен бірге апалардың бірінің балалары және еш жерде жұмыс істемейтін Жанғали Жұматаев есімді жиендері – олардың ағасының ұлы тұрған.

Жігіттің жалғыз қызығушылығы – Standoff 2 ойыны болған. Бұл ойын барысында бірінші тұлға атынан жауларды өлтіруге, оларға оқ атуға, граната лақтыруға, пышақ қолдануға болады.

Тергеу нұсқасы бойынша, сол қайғылы түнде Жанғали смартфоннан өз сүйікті ойынын ойнап отырған. Түнгі сағат 3 шамасында әпкесі одан телефонды өшіріп, ұйықтауды сұраған, себебі бүкіл отбасы демалып жатқан еді. Алайда, ол бұл өтінішті елемеген.

Кейін әпкесі тағы да Жұматаевтан басқаларға ұйықтауға кедергі келтірмеуді талап еткен. Бәлкім, осы себепті отбасы мүшелерінің арасында жанжал туындаған.

Барлығы ұйықтап қалғаннан кейін Жанғали Жұматаев ас үй пышағын алып, немере ағасын – ескерту жасаған әпкесінің ұлына 20 реттен астам пышақ салған. Жарақаттар өмірге қауіп төндіретіндей болып, 28 жастағы ер адам «Жедел жәрдем» келгенге дейін қайтыс болды.

Оның айғайынан қалған туыстары оянып кеткен. Жұматаев оларға да пышақпен шабуыл жасаған. 50 жастағы әйелдің беті мен мойнында көптеген кесілген жарақаттар бар, ал қылмыскердің 60 жастағы тәтесінің қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен басқа дене бөліктері жараланған.

Шабуылдаушының немере қарындасы да зардап шеккен – оның басында, кеудесінде және арқасында пышақ жарақаттары бар.

Қазіргі уақытта үш әйел де ауруханада, тірі.

Күдікті қамауға алынды. Оның әрекеттері алдын ала «кісі өлтіру» және «кісі өлтіруге әрекет жасау» баптары бойынша сараланып отыр.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар