-10 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент
-10 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
2.3 C
Шымкент

Қостанайда өрттен қайтыс болған 5 баланың анасы сотталды

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Қайғылы оқиға болған кезде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз болған.

Істе көрсетілген материалдарға сәйкес, сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденген. Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«ҚК 292-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз жазаны – 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. Жазаны жеңілдететін жағдай — бұл шын жүректен өкінуі және жас баласының болуы, ауырлататын жайт анықталмаған. ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігіне сәйкес жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жаза мерзімі ҚК-нің бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 1/2-нен аспауға тиіс», — деді соттағылар.

Осыған байланысты сот 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар