Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының  Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы 26 наурызда туған, қазақ, білімі жоғары.
Білімі: 1996 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылық институтын «Экономика жəне менеджмент» мамандығы бойынша бітірді,
2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1991 жылы — Келес ауданы «Коммунизм» жұмыс бөлімінің қызметкері.
1996-1999 жылдары — «Келес» РМҚК аға экономисті, Ақмола облысының «Кураков және К» ЖШС бас есепшісі.
2000 жылдан бастап 2002 жылға дейін мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдерді бақылау басқармасының жетекшісі, бас бақылаушы-аудиторы.
2002 жылдан 2006 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің референті, кеңесшісі, бас сарапшысы және сектор меңгерушісі.
2006-2007 жылдары — Астана қаласы әкімдігінің «Жылу» Мемлекеттік Комитетінің директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында әділет басқармасында жұмыс істеді.
2007-2010 жылдар аралығында —  Білім және ғылым министрлігі Бюджет департаменті директорының орынбасары, қаржы департаменті директорының орынбасары, ғылым комитетінің төрағасының орынбасары.
2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық басқарма бастығының орынбасары.
2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін — Шымкент қаласының әкімі.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары
Парламент Сенат депутаты, Шымкент қаласынан (2018 жылдан), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Тұрақты комитетінің мүшесі (2018 жылдан бастап).
2019 жылдан бастап — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
Медальдар: «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үішін», «Астана қаласының 10 жылдығы», «Аймаққа қызмет көрсету үшін»;
Түркістан облысының әкімі Шөкеев 26 тамыз күні отставкаға өтініш берген болатын. Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.