2025 жылғы 7 мамыр күні кешке Сарыөзек — Алматы бағытындағы Қайрат — Байсерке теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеу жасауға мәжбүр болған.
Себебі теміржол бойында ер адам жатқан, ол берілген дыбыстық сигналдарға еш жауап қатпаған.
«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз сағат 20:52-де тоқтаған. Оқиға орнында өмір белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды.
Оқиға орнына полиция келді, тергеу жүріп жатыр.