19 C
Нур-Султан
11 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
19 C
Нур-Султан
11 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

Қайғылы оқиға 19 сәуір күні кешке Мерке ауданындағы Сарымолдаев ауылында орын алды.

Үш, бес және жеті жастағы қыз балалар үйде жалғыз болған. Таңертең анасы оларды іштен жауып, шаруаларымен кеткен. Үйге оралғанда газдың иісін сезген. Балалар ес-түссіз күйде жатқан.

Әйел дереу оларды ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады. Қыздар есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі таңда балалардың туыстарына психологтар көмек көрсетуде.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар