-22 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-22 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Алматыда мәйіттерді зорлаған морг қызметкеріне үкім шықты

Алматы соты жабық отырыста азаматқа қайтыс болғандардың денесін қорлау бойынша тағылған айыпты қарады. Сот-психиатриялық сараптама айыпталушының созылмалы психикалық ауытқуы бар екенін растады.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуірінен қазанына дейін ер адам мәйітхана күзетшісі болып жұмыс істеп жүріп, бірнеше рет қайтыс болғандардың денесіне сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған және оны бейнежазбаға түсірген.

Сарапшылардың пікірінше, қылмыс жасаған кезде айыпталушы психикалық ауруына байланысты өз әрекеттерінің сипатын түсіне алмаған. Сот айыпталушыны ақыл-есі дұрыс емес деп танып, оны психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберді.

Шок туғызатын деректер ер адамның өз телефонын ломбардқа өткізгеннен кейін белгілі болды. Ломбард қызметкерлері қайтыс болғандардың денелерімен түсірілген сексуалдық сипаттағы видеоны көріп, полицияға хабарлаған. Мәйітхана басшылығы ер адамның күзет фирмасы арқылы жұмыс істегенін және түнде өз бетімен әрекет еткенін мәлімдеді.

Өткен жазда Шымкент тұрғыны да мәжбүрлі емдеуге жіберілген болатын. Ол асырап алған балаларын қинап, нәжіспен тамақтандырып, несеп ішкізген.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар