Кіші сержант қызметтік қарудан оқ атып, досын жаралады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қауіпсіздік шараларын сақтамай, абайсызда оқ атқан – нәтижесінде оның танысы жарақат алды. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 371-бабы „Салғырттық“ бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Қызметкер қызметінен шеттетілді.