Олигарх Александр Машкевичтің қайтыс болғанын Eurasian Resources Group (ERG) растады.
«Қаралы хабарды жеткізе отырып, 2025 жылдың 22 наурызында 72 жасында, ұзаққа созылған сырқаттан кейін белгілі қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері, Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі Александр Антонович Машкевич дүниеден өтті. 2014-2024 жылдары ол ERG директорлар кеңесінің төрағасы болды. Сонымен қатар, Машкевич ұзақ жылдар бойы «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды», – делінген хабарламада.
Александр Машкевич ERG-нің тең құрылтайшыларының бірі болды. Бұл – темір кені, ферроникель, алюминий және басқа да пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеумен айналысатын жаһандық тау-кен металлургиялық тобы. Оның басшылығымен компания Қазақстанның ең ірі экспорттаушыларының біріне айналды.