4 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
23.3 C
Шымкент
4 C
Нур-Султан
18 C
Алматы
23.3 C
Шымкент

Израиль екі айлық бітімнен кейін Газа секторына соққыларды қайта бастады

Израиль Қорғаныс армиясы ХАМАС нысандарына жаппай соққылар жасауды қайта жалғастырды. Бұл туралы ЦАХАЛ өзінің Telegram-каналында хабарлады.

Times of Israel басылымының мәліметінше, әскери операцияны қайта бастау туралы бұйрықты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац берген.

Шешім ХАМАС-тың израильдік тұтқындарды босату бойынша ұсыныстардан бас тартуына байланысты қабылданған. Келіссөздерге АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф және басқа да делдалдар қатысқанымен, топ барлық ұсынылған келісім нұсқаларын жоққа шығарды.

Press TV хабарлауынша, Газадағы әуе шабуылдарының салдарынан қаза тапқандар саны 130-ға жетіп, жүздеген адам жарақат алған.

19 қаңтардан бастап секторда атысты тоқтату режимі күшінде болған еді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар